"Тағылымдама алаңдары"
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сәрсенбі, 11 Маусым 2025 15:25
- Автор: Super User
- Қаралды: 18
2025 жылғы 27 мамырда Балалар өнер мектебінің педагогы З.Т. Рыспаева Қостанай облысының БММ және БӨМ оқытушыларына арналған "Тағылымдама алаңдары" облыстық жобасының екінші кезеңіне қатысты. Өткізу орны: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 балалар музыка мектебі" КМҚК . Семинар-практикумның тақырыбы: "БММ және БӨМ білім беру процесінің тиімділігін арттыру факторы ретінде тағылымдама алаңдары шеңберінде педагогтердің практикалық тәжірибесін жинақтау". Семинардың мақсаты Қостанай қаласының БММ және Рудный қаласының музыка колледж оқытушыларының озық педагогикалық тәжірибесінің идеяларын зерделеу, жинақтау және тарату болды.