Республикалық челлендж

20 наурызда Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған республикалық челлендж өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік мәдениет пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтауға, балалар арасында домбыра ойынын насихаттауға бағытталған.
Домбырашылар челленджі — бұл бүкіл елді домбыраның біртұтас дыбысымен біріктіре отырып, оқушылар мен педагогтардың музыкалық шеберлігін көрсету мүмкіндігі. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебінде домбыра дыбыстары шырқалды. Қатысушылар ретінде халық бөлімінің 9 оқушысы болды (жетекшісі А. С. Жумагалиева).