27.12.2023ж. 3.01.2024ж. аралығында Өскемен қаласында "Жаңа жылдық сиқыр" атты халықаралық көп жанрлы байқауы өтті.
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2024 06:57
- Автор: Super User
- Қаралды: 47
27.12.2023ж. 3.01.2024ж. аралығында Өскемен қаласында "Жаңа жылдық сиқыр" атты халықаралық көп жанрлы байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы Халықаралық "Премьер" театр орталығы болып табылады.
Байқаудың мақсаттары:
- дарынды және талантты оқушыларды анықтау және қолдау;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.
Балалар өнер мектебінен байқауға дайындық курсының оқушылары Рунде Регина, Локшина Элеонора (9 - 10 жас санаты), Татьяна Васильевна Коба көркем бөлімінің мұғалімі қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Рунде Регина, Локшина Элеонора 1 дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал мұғалім Коба Т.В. Бас-жүлдеге ие болды.