«Бояулар құпиясы»
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сәрсенбі, 17 Мамыр 2023 12:47
- Автор: Super User
- Қаралды: 59
2023 жылдың мамыр айында жас суретшілердің «Бояулар құпиясы» облыстық сырттай байқауы өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы.
Негізгі мақсат-көркем шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау.
Байқауға Жітіқара қаласының «Балалар өнер мектебі» КММ көркем бөлімінің оқушылары қатысты:
Көркем бөлімінің 2-курстың оқушысы Токмурзина Саида (мұғалім Серикбаева г.С.) байқауға «Жер жүзіндегі жақсы демалыс» номинациясы бойынша сюжеттік композиция ұсынды.
Көркем бөлімінің 2-курстың оқушысы Якушинская Елизавета (мұғалім Серикбаева Г.С.) байқауға «Менің хоббиім» номинациясы бойынша сюжеттік композиция ұсынды.
Көркем бөлімінің 5-курстың оқушысы Ищанова Амина (мұғалім Молдыбаева А.Д.) авангардтық және эксперименттік кескіндеме номинациясында қазылар алқасына суретін ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Токмурзина Саида мен Якушинская Елизавета 2 орынды иеленді (мұғалім Серикбаева Г.С.). Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!