Ақпарат
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Дүйсенбі, 20 Наурыз 2023 09:38
- Автор: Super User
- Қаралды: 45
8 наурыз күні Наурыз мейрамы қарсаңында Балалар өнер мектебінде фортепиано бөлімінің 2-4 сынып оқушылары арасында «Этюдтер ойнау» атты концерт-байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқушылардың орындаушылық шеберліктерінің техникалық деңгейін көтеру.
«Этюд» фортепианода ойнауды үйрену процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Этюдтарды орындай отырып, балалар мықты орындаушылық шеберлікке ие болып қана қоймайды, сонымен қатар күрделі музыкалық шығармаларды ойнауға дайындалады.
Байқауға қатысу олардың техникалық қабілеттерін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар сыныптастарының дайындық деңгейін естуге мүмкіндік береді, салауатты бәсекелестік рухын және жетілдіруге ұмтылуды тәрбиелейді. Байқауға қатысушылардың өнері 10 балдық жүйе бойынша бағаланды. Қазылар алқасының барлық мүшелерінің ұпайларының қосындысы бойынша келесі оқушылар жүлдеге ие болды :
1 орын:
Нуралиева Үміт (2 сынып),
Жиналинова Аяулым (3-сынып),
Баекенова Риана (4- сынып).
2 орын:
Сызған Тогжан (2- сынып),
Жаксылыков Алдияр, Казакпаев Владлен (3- сынып),
Давыдова Дарья (4-сынып).
3 орын:
Голованенко Любовь (2- сынып),
Кошембаева Альвина (3-сынып),
Исмуратова Адия (4-сынып).
Қатысқаны үшін дипломдарды Кристина Бочкарева (3-сынып), Милена Кириленко, Уразаков Кирилл (4-сынып) алды.
Оқушыларды құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!