🌞 «Жайдарлы жаз» 🌞

10 маусым күні Балалар өнер мектебінде «Жайдарлы жаз» атты концерт өтті.

Бүгін көрермендер ән мен күй әуелеген, жас таланттардың өнері өрілген ғажайып музыка әлеміне тағы бір мәрте саяхат жасады. Әрбір нөмір шынайылыққа, еңбекқорлыққа және өнерге деген сүйіспеншілікке толы болды.
Концерт қонақтары ретінде №12 жалпы білім беретін мектеп пен гимназияның жазғы алаңдарының оқушылары қатысты. Іс-шараға барлығы 70 көрермен қатысты: оның ішінде №12 мектептен 40 оқушы және гимназиядан 30 оқушы болды.
Концерттің ерекше атмосферасын қатысушылардың жарқын күлкісі, көрермендердің қолдауы мен жас өнерпаздарды жаңа жетістіктерге жігерлендіретін ыстық ықыласқа толы қошеметтері қалыптастырды.
Концертке қатысқан барлық өнерпаздарға тамаша өнер көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз. Балаларға жазғы демалыстың жарқын әсерлерін, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!
Жаз мезгілі шуақты, мейірімді әрі әуезді болсын! ☀️🎵