Куәліктерді табыстау рәсімі
- Толығырақ
- Категория: Іс-шаралар
- Жарияланды Жұма, 05 Маусым 2026 14:56
- Автор: Super User
- Қаралды: 10
5 маусым күні Балалар өнер мектебінде көркем бөлімнің кәсіби бағдарлау сыныбын бітіргені туралы куәліктерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Құттықтау сөзбен мектеп директоры Светлана Григорьевна Огородникова сөз сөйлеп, түлектерге алдағы шығармашылық табыстар, шабыт және жаңа жетістіктер тіледі.Өз шәкірттеріне жылы лебізін оқытушы Альфия Нуриахметовна Жиенкулова да білдірді.
Салтанатты іс-шара барысында үздік оқушыларға оқу үлгерімі, байқаулар мен көрмелерге белсене қатысқаны үшін грамоталар табысталды. Түлектердің ата-аналары балаларын лайықты тәрбиелегені, олардың шығармашылық бастамаларын қолдағаны және мектеп өміріне белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.Түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және өнер мен шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін сақтай отырып, армандарына сенімді түрде жете беруін тілейміз!