Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне 80 жыл
- Толығырақ
- Категория: Іс-шаралар
- Жарияланды Сәрсенбі, 11 Маусым 2025 15:01
- Автор: Super User
- Қаралды: 10
Жеңістің 80 жылдығы - ол халықтың ерлігін, батылдығы мен бірлігін мәңгілікке қалдыратын тарихи күн. Жеңіс күні-жеңіс қуанышы мен қайғы-қасіретті біріктіретін ерекше мағынаға толы мереке. Қазақстан Жеңіске баға жетпес үлес қосты: 1,2 миллионнан астам қазақстан азаматтары майданға аттанды, оның 600 мыңнан астамы соғыстан оралмады. Қазақстандықтар Сталинград шайқасы мен Берлинге шабуыл сияқты негізгі шайқастарда өздерінің батылдығын көрсетті, ал тылда республика оқ-дәрі, азық-түлік өндіруге және эвакуацияланған адамдарды орналастыруға сенімді тірек болды.
Осы ұлы оқиға қарсаңында 8 мамыр күні Жітіқара қаласындағы Балалар өнер мектебінде "Пусть память говорит" атты мерекелік концертін өткізді, оған музыка бөлімінің педагогтары мен оқушылары қатысты.
"Бұл көз жасына ерік берген мереке" мәңгілікке барлық халықтар үшін ортақ мақтаныш пен еске алу күні болып қала береді, ал біздің бүгінгі ортақ міндетіміз - ол болашақ ұрпаққа соғыс жылдарындағы әндерді бере отырып, жеңістің қандай бағамен жеңгенін есте сақтау болып табылады.