"Өнеріміз саған, Қазақстан!"
- Толығырақ
- Категория: Іс-шаралар
- Жарияланды Сәрсенбі, 19 Наурыз 2025 22:48
- Автор: Super User
- Қаралды: 3
14 наурыздан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлаудың онкүндігі басталды. Он күннің әрқайсысы қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналған.
17 наурызда Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күнін мерекелеу аясында Балалар өнер мектебінің ұжымы мен оқушылары "Өнеріміз саған, Қазақстан!" атты көркемөнерпаздар халық шығармашылығының байқау-фестиваліне қатысты. Қазылар алқасы мен көрермендерге 15 жарқын аспаптық және вокалдық нөмірлер ұсынылды.