Бірінші сынып оқушыларының концерті
- Толығырақ
- Категория: Іс-шаралар
- Жарияланды Сәрсенбі, 12 Наурыз 2025 00:26
- Автор: Super User
- Қаралды: 2
8 наурыз әйелдер күні қарсаңында БӨМ-нде халық аспаптар бөлімінің бірінші сынып оқушыларының концерті өткізілді. 9 жас музыкант өнер мектебінің сахнасында алғашқы қадамдарын көрсетті. Жылы, еркін атмосферада және ата-аналардың, шақырылған көрермендерінің қошеметімен оқушылар музыка әлеміне еніп, әр түрлі композиторлардың шығармаларын халық аспаптарында домбырада (жеке де, ансамбльде де), аккордеонда (мұғалімдермен жеке және ансамбльдік нөмірлерімен), баянда, гитарада, мелодикада орындады. Сондай-ақ, концерттік бағдарламаны жоғары сынып оқушылары мен қасықшылар ансамблі толықтырды.
Әр музыканттың өмірінде алғашқы концерт болады және музыкамен танысу үшін барлық музыканттар өздерінің алғашқы мұғалімдеріне борыштар, өйткені олар үлгі болып табылады. Концерт соңында мұғалімдер мен ата -аналарға жылы лебіздер айтылды.