Алғыс айту күні
- Толығырақ
- Категория: Іс-шаралар
- Жарияланды Жұма, 07 Наурыз 2025 03:17
- Автор: Super User
- Қаралды: 3
Алғыс айту күні-біздің санамызға терең енген достық, жақсылық пен ынтымақтастықтың мәңгілік құндылықтарын бейнелейтін мереке. Жомарттық, мейірімділік пен қонақжайлылық - әр түрлі этностардың миллиондаған адамдарына қамқорлық пен бауырластық сүйіспеншілік сыйлаған баталы қазақ жері мен халқының басты қасиеттері.
Мереке қарсаңында Балалар өнер мектебінің жас музыканттары өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға "Музыкалық қиялдар" атты аспаптық музыка концертін сыйға тартты. Балаларға аспаптармен – рояль, аккордеон, баян, гитара, домбыра, мелодика және саксофонмен танысу үлкен әсер қалдырды. Музыка бөлімінің оқушылары мен мұғалімдері: Ахметов Тимур, Муфтандинова Полина, Грязнова Елизавета, Ахмагамбетова Айсулу, Давитадзе Натэла, Айменова Мадина, Муллабаев Камиль, Крюков Михаил, Комленков Матвей, Шевчук Андрей, Огородникова С.Г., Аверьянова С. В., Латышев Г. П. музыкалық аспаптардың барлық сұлулығын көрсететін қызықты шығармалар орындады .Концерт соңында музыкаға шабыттанған тыңдаушылар алғыс сөздерін жаудырды.